Синоптиктер бейсенбі, яғни 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің тек оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, дауыл, желдің күшеюі болады, бұршақ жаууы ықтимал», – делінген ақпаратта.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл соғады.
Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градус үсік жүреді, Қостанай облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.