spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Шортандыда білім саласының сапасын арттыру үшін мектептерге жағдай жасалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданы Жолымбет пен Төңкеріс елдімекендерінде орналасқан үш мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмысқа жоғары бюджеттен 5,2 миллион теңге бөлініп, жобалау сметалық құжаттары әзірленуде,-деп хабарлайды «Aqmola News” ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Күрделі жөндеуден өткізілетін бұл мектептердің екеуі Жолымбетте, біреуі Төңкерісте орналасқан.

Жолымбет ауылындағы №1 негізгі мектебіне жүргізілетін ЖСҚ-ға 2 млн.200 теңге, осы ауылдағы жалпы білім беретін №2 мектептің жөндеу жұмыстары үшін жасалатын ЖСҚ-ға 1 млн 350 мың теңге бөлініп отыр. Ал, Төңкеріс станциясындағы негізгі орта мектептің ЖСҚ үшін 1 млн 675 мың теңге қарастырылған,-дейді аудан әкімі брифинг барысында.

Сонымен қатар аудан әкімі биыл Төңкеріс станциясында 140 орындық балабақша пайдалануға берілетінін жеткізді.

Аймақ басшысының сөзінше, мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдауды автоматтандыру барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіп жатыр.

Жолымбеттегі балалар шығармашылық үйіне жылыту қазандығын орнатуға шарт жасалды. Бұл мақсатқа 21,7 млн. теңге қарастырылды,-деді Қасенов.

Аудан мектептері үшін 1,4 млн .теңгеге 33 принтер сатып алынған.

Сонымен қатар барлық мектептер 7,8 млн. теңгеге теннис үстелдері, аспалы арқан, волейболға арналған торлар, шаңғы, доп сияқты тағы басқа да спорттық құрал-саймандармен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, ауданда барлығы 25 мектепте 640-қа жуық педагог еңбек етеді.

Оның ішінде 96 оқушы контингентімен  кешкі ауысымды 1 мектеп жұмыс істейді.

Ауысымды кешкі мектеп мәселесі өңірдегі шешілуі тиіс күн тәртібіндегі мәселе.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img