spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қырғызстанға жалпы салмағы 10 000 тонна қазақстандық ұн түріндегі гуманитарлық көмек жеткізіле бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

18 мамырда оның салмағы 4 500 тонна құрайтын алғашқы партиясы 75 темір жол вагонымен тасымалданды. Оның 30-ы Бішкекке жеткізілсе, қалғандары елдің басқа өңірлеріне жіберілді. Қырғызстанның Ауыл, орман және су шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашевтың айтуынша:

«Қазіргі кезде министрлер кабинеті денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұнды халыққа, оның ішінде әсіресе әлеуметтік жағынан нашар қамтылған адамдарға тарату мәселесін пысықтап жатыр. Менің ойымша, қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының тарапынан үлкен көмек болып отыр».

Қырғыз тарапының ақпаратына қарағанда, гуманитарлық көмектің бірінші партиясы Мемлекеттік материалдық резерв мекемесінің Қырғызстанның Қара-Балта, Балықшы қалаларына, яғни солтүстігіндегі қоймаларына бөлінді. Ұнның қалған бөлігі елдің оңтүстігіндегі Ош пен Джалал-Абадқа тасымалданады.

«Гуманитарлық көмек атаулы түрде жеткізіліп отыр, сондықтан аталған ұн бұл облыс орталықтарында, осы өнімге зәру түпкі алушылар арасында таратылмақ. Әлеуметтік жағынан назар қамтылған адамдарға тегін беріледі», – деп атап өтті А. Мукашев.

Осы орайда қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметіне және тиісті мемлекеттік органдарына гуманитарлық көмекті жедел жеткізгені үшін айрықша алғысын білдірді. Еске салсақ, оны бөлу мәселесі Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев пен Қырғызстан Президенті С. Джапаровтың 2021 жылдың 1 мамырында орын алған телефондық сұхбатында қарастырылған болатын. Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қазақстаннан өткен жылы індет басталған кезде-ақ гуманитарлық көмек шеңберінде 5 000 тонна отандық ұн өнімі Қырғызстанға жіберілгенін атап өтті.

«2020 жылы күзде Үкіметтің шешімімен елімізде жасалған 400 дана портативті желдету аппараты, 2 миллион бетперде жіберілді. Бұған қырғыз халқы ризашылығын білдіріп жатыр. Біз қиын кезде әрқашан көмектесеміз деген ойдамын».

Гуманитарлық жүктің қалған бөлігі мамырдың аяғына дейін жеткізіледі деп күтілуде. Оған қоса, өнімділігі жоғары күздік бидайдың 1 мың тоннасын жеткізу мәселесі шешілуде. Бұл көмек тек халықтың нашар қамтылған бөлігіне ғана емес, Қырғызстанның фермерлеріне де беріліп, олар өз егістік алқаптарына сапалы тұқым егетін болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img