spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ақмолада балабақшадағы үздік тәрбиешілер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында үздік педагог анықталды,-деп хабарлайды «Aqmola News » облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 12-14 мамырда Ақмола облысының білім басқармасы басшысының бұйрығы негізінде, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Шығармашылық сайысқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының 18 педагогы қатысты.
Конкурсқа қатысу үшін педагогтер келесі конкурстық материалдарды ұсынды:
– «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеролик
– Бейнесабақ
– Эссе
– Портфолио.
Конкурс қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы және 875 100 теңге ақшалай сыйақы Көкшетау қаласының «Өркен» бөбекжай-бақшасының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировнаға берілді.
17 қатысушы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды.
5 конкурсқа қатысушыларға номинациялар бойынша грамоталар және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ ақшалай сыйақылар берілді:
– «Зерттеуші педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Целиноград ауданы Қосшы ауылының «Алтын дән» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Карлыгаш Адилхановна Шахановаға;
– «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Атбасар ауданы, Атбасар қаласының «Родничок» бөбекжай – бақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Баянкул Нагашибаевна Дауылбаеваға;
– «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы «Болашақ» бөбекжай – бақшасының орыс тілі пәні мұғалімі Бақытжамал Караевна Ашимоваға;
– «Көшбасшы педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 «Балбөбек» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Нацвлишвили Лиана Александровнаға;
– «Эрудит педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Жарқайың ауданы, Державинск қаласының «Балдырған» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Сауле Тасбулатовна Сейтахметоваға берілді.
Барлық қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img