spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
13.7 C
Kokshetau

Көкшетауда 12 жасар жасөспірім әкесінің көлігін айдап қоршауға соғылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полициясы Көкшетау тұрғынын жауапкершілікке тартты. Ер адам көлікті жөндеп жатқанда  жасөспірім баласы әкесінің уақытша шығып кеткенін пайдаланып, рульге отырып, біреудің қоршауына кіріп кеткен, деп хабарлайды «Aqmola News» АА аймақтың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 мамыр күні сағат 22.00 шамасында 8 март көшесіндегі аулалардың бірінде 50 жастағы ер адам «Mitsubishi Pajero»маркалы автокөлікті жөндеу жұмыстарын жүргізген.

«Осы сәтте оның 12 жасар ұлы автокөлік салонына отырып, көлікті оталдырған. Автокөлік алға шығып, металл қоршауға соғылған», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Содан кейін иесі көлікті оқиға орнынан алып, ішкі істер органдарына хабарламай кетіп қалған.
Алайда, куәгерлер оқиғаны телефон камерасына жазып, әлеуметтік желілерге орналастырды. Нәтижесінде бір сағаттан кейін полицейлер жүргізушіні анықтап, осы факті бойынша жауапқа тартты.
«Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК – нің 611-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Полицейлер белсенді азаматтық ұстанымы үшін бей-жай қарамайтын азаматтарға тағы да алғыс білдіреді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика