Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, білім беру саласына еңбек сіңірген ұстаз Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова қайтыс болды. Қаралы хабарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.
«Білім беру саласына еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз Раиса Рахымжанқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Раиса Жыланкөзова 69 жаста болған.