Бурабай ауданы Щучье қаласында заманауи спорт сарайы салынады. Жеке инвестициялар есебінен тұрғызылатын «Шидай» спорт кешені 2023 жылы пайдалануға берілмек,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, байқау рәсімдері өткізілді. Спорт кешені пайдалануға берілген кезде 200-ден астам бала жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады», – деді Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев.
Аудан әкімінің айтуынша, жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны артып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада мәдени демалысты ұйымдастыру үшін 34 кітапхана, тоғыз клуб мекемесі жұмыс істейді.