spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-11.8 C
Kokshetau

«Көкшетау -Атбасар» жолындағы апат: Екі бала ауруханаға түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Aqmola News» АА өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 мамырда Зеренді АПБ кезекші бөліміне «Көкшетау-Атбасар» автожолының 14-ші шақырымында зардап шеккендермен ауыр жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізушінің жол ережесін өрескел бұзғанын анықтады. Ол алдындағы көліктен басып озып қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

Нәтижесінде Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны «Nissanmaxima» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Бұл соққыдан 31 жастағы тұрғынның басқаруындағы «MitsubishiCanter» маркалы автокөлігі де зардап шеккен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпбейінді облыстық ауруханаға түрлі жарақатпен MitsubishiCanter маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 37 жастағы»nissanmaxima» жолаушысы жеткізілді.  Сонымен қатар кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. «ToyotaLandCruiser» жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Бұл бапқа сәйкес, оған 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сараптама тағайындалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img