spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-14.8 C
Kokshetau

БҚО-да автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының үш адамы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 75-шақырымында Алғабас ауылы тұсында 1967 жылғы жүргізуші айдаған «ВАЗ-21113» автокөлігі екі жылқымен соғылған. Жол апаты салдарынан салдарынан жүргізушіге қоса оның 85 жастағы анасы мен 13 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ түрлі жарақат алған 61 және 50 жастағы әйелдер Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауруханаға түскен екі адамның жағдайы орташа. Оқиға орнында ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс жасады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылғанын мәлім етті. Фото: Kazinform Ерлан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика