spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Көкшетау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай конференция өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» атты облыстық конференция ұйымдастырды.

Оған Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі маңызды идеялары мен игі бастамаларын, стратегиялық құжаттарын зерттеу және бағалау. Байқауда Қорғалжын, Атбасар, Зеренді аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының оқушылары белсенділік танытты.
Қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстары бойынша ұсынылған бағыттардың бірін таңдап, қазақ немесе орыс тілінде жазылған өздерінің баяндамаларын ұсынды. Жұмыстар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының іске асырылуы; Тәуелсіздік – Қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы: Қазақстанның жолы – эволюциялық даму; Индустриалды-инновациялық экономиканы құру: жетістіктері мен болашағы; Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктері (білім, ғылым, өнер, рухани даму, ұлттық құңдылықтар). Адам капиталы – ең басты ұлттық ресурс атты бағыттарды қамтыды.

Конференция 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 24 жұмыс қабылданып, жетеуі ақтық сынға іріктеліп алынды.
Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 14-мамырында сағат 16.00де ZOOM платформасында өтеді деп жоспарланған. Оның барысында үздік жұмыстарды онлайн форматында тыңдау, дипломдар мен алғыс хаттарды табыстау салтанаты өткізіледі және байқау комиссиясы анықтаған жеңімпаздар дипломдармен марапатталатын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика