spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда мектеп мұғалімі із-түзсіз жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Үйінен таңертең әдеттегідей шыққан жігіт сол күйі қайтіп оралмаған. Бес күннен бері ұшты-күйлі жоқ болған жігітке полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бахтияр Талғатұлы Теміржановтың ізім-қайым жоқ болып кеткені туралы арыз Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінде тұратын 53 жас жастағы әйелден түскен. Оның айтуынша 32 жастағы ұлы 7 мамыр күні таңғы сегізде үйден шығып сол күйі қайтып оралмаған.

«Анықталғанындай жоғалған жігіт дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып шықты. Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінен қалаға жеке шаруаларымен келген. Қалада тәтесінің үйіне барып, одан кейін Абылай хан даңғылы ауданына шығып сол күйі оралмаған. Бойы 175-180 см, жұқатай денелі, қысқартып алынған қарақоңыр шашты, құлағы сопақша орташа, коңыр көздері сопақша келген, еріндерінің түйіскен жері толқынданған. Қандай да бір ақпарат болса хабарласуды сұраймыз», – дейді Ақмола облысы полиция департаметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жігіт үйден шыққан сәтте сұр түсті джинсы шалбар, қара-көк түсті куртка, аяғында баулы қоңыр түсті туфли киген. Ерекше белгісі астыңғы ернінің оң жағында қалы бар.

Полиция жоғалған жігіттің жүрген-тұрған жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, барлық таныстары мен жақын-жуық адамдарынан жауап алған. Барлық көше бойындағы камералар қаралған. Алайда мұғалім жігіт табу мүмкін болмаған.

Полиция Бахтияр Теміржанов туралы қандай да бір ақпарат білген адамдар болса, «102» арнайы желісіне немесе 29-96-00 телефонына хабарласуды сұрайды. Сондай-ақ полиция облыстың барлық тұрғындарына туыс-туғандары кешігіп жатса, бірден полицияға хабарласуды сұрады.

«Егер адам байланысқа шықпа, отбасы мен туған-туыстары оның қайда екенін білмесе бұл полицияға жүгінуге басты негіздеме болып табылады. Сондықтан жақын адамдарыңыз жоғалғаны туралы дереу полицияға хабарласуды сұраймыз», – дейді полиция департаметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img