spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
8.4 C
Kokshetau

Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

Сондай-ақ...оқыңыз

Түркияда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина биыл күзде толық дайын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы брифингте айтты. «Түркияда коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина жасау жұмысы белсенді жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек-қазан айларына дейін осы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ниет бар» деп атап өтті түрік көшбасшысы.

Оның айтуынша, отандық вакцина Түркиядағы сұранысты ғана жауып қоймай, басқа елдерге де таратылады.

«Анкара сұраныс жолдаған әлемнің кез келген еліне вакцина жеткізуге дайын» деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік Спутник V вакцинасын сатып алу жайын талқылаған болатын.

«Бұл жерде әңгіме Түркияға жеткізілетін екпенің өте қомақты көлемі жайында болып отыр. Сосын біз Түркияда бірлескен өнеркәсіпті іске қосамыз» деп түйіндеді сөзін Ердоған.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Түркияда Спутник V вакцинасының өндірісі іске қосылатынын жазған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img