spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
22.2 C
Kokshetau

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», -дедп жауап берді

Талғат Уәли журналистердің сауалына. Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», – деді министрліктің ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді .

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика