spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Кипрде 10 мамырдан бастап карантин алынады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Кипр Республикасы билігі 10 мамырдан бастап қатал карантиндік режимді алып тастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дегенмен тұрғындарға кез келген қоғамдық орындарға кіру үшін Coronapass пропускі керек. Ол адамның коронавирус тасымалдамаушысы емес екенін дәлелдейді. Мұндай шешімді сәрсенбі күні кешке аралдық мемлекеттің министрлер кабинеті қабылдады. Бұл пропуск 10 мамырдан бастап өнеркәсіп тауарлары дүкендері, театр мен кинотеатрлар, сонымен қатар жаттығу залдарына кіру үшін керек. Coronapass қосымша білім беру орталықтарына, шіркеуге, үйлену тойларына, жерлеу және шоқыну рәсімдеріне қатысу үшін де қажет. 16 мамырға дейін мұндай салтанатты жиындарға 10-нан көп адам қатыса алмайды.

17 мамырдан бастап шектеу 200 адамға дейін кеңейтіледі, дегенмен шаралар ашық ауада өтуі қажет. Муниципалдық базарлар, шаштараз және сұлулық салондарына бару үшін, ашық ауада саябақтарда, алаңдарда, жағажайда, бөген жағаларында және көкке шығуға арналған жерлерде 10-нан аз адам жиналса, Coronapass керек емес. Сонымен қатар аралда бұқаралық жиналыс, наразылық акциялары, кез келген шерулер, концерт, жәрмеңкелер мен қоғамдық және жеке орындардағы фестивальдерге тыйым салынады. 10 мамырдан бастап коменданттық сағаттың уақыты екі сағатқа қысқарады: 23:00-де басталып, 05:00-де аяқталатын болады.

Алайда оның уақытында арнайы нөмірге үйден шығу мақсаты жазылған СМС-хабарламасын жіберу арқылы жұмыс орнына барып-келіп, шұғыл қажет кезде медициналық орталықтар, ауруханалар, дәріханалар мен мал дәрігеріне баруға болады.

Еске сала кетейік, өткен жылы аралға саяхаттау үшін аз уақыттың ішінде қосымша тестілерден өту, қосымша шығындар мен көлемді жол жүру сауалнамасын толтыруды қарастырған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img