spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Степногорскте бомба қойылды ма?

Сондай-ақ...оқыңыз

 Степногорскте аялдамаға жарылғыш зат қойылды. Осылай деп елді дүрліктірген ер адам полицияға телефон шалған, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Степногорск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 10 мамыр күні күндізгі бірлер шамасында телефон шалған ер адам 5-і шағын ауданда аялдама ғимаратына жарылғыш минаның қойылғанын хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, шағын ауданда жарылғыш зат қойылды деген аялдама аумағын қоршауға алынды. Бірақ тексеріс барысында ешқандай жарылғыш мина табылмады. Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер күдікті 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Тергеу амалдары барысында күдікті жігіттің бұған дейін 2019 жылы да осыған ұқсас қылмыс үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 273 бабы Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика