spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
15.2 C
Kokshetau

Молдова президенті Майя Санду коронавирус вакцинасын салдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Молдова Республикасының президенті Майя Сандуға COVID-19-ға қарсы Astra Zeneca вакцинасының бірінші дозасы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен әлі вакцина алмаған Молдованың барлық азаматын жігерлендіргім келеді. Екпе салдыру өте маңызды. Көпшілігіміз осы пандемияда жақындарымыздан айырылдық, көбісі табысын, жалақысын, жұмысын жоғалтты. Көптеген адам өздерінің жақындарымен көрісе алмауда, достарымен және отбасымен бірге жинала алмай қиналып жүр. Осыған тоқтау қоюдың, осы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакцинация», – деп атап өтті мемлекет басшысы вакцина ектіргеннен кейін.

Сондай-ақ Майя Санду жақын арада елде вакцинаны салдырғысы келетін барлық адам үшін екпе қолжетімді болатынын айтты. Өткен аптада Sinopharm өндірісінің вакцинасының алғашқы дозасын премьер-министрдің міндетін атқарушы Аурелий Чокой салдырған болатын. Елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде Молдоваға COVID-19-ға қарсы вакцинаның 685 мыңға жуық дозасы келіп түскен. 6 мамырдағы жағдай бойынша елде екпенің бірінші дозасын 150 мыңға жуық адам салдырса, ал екінші дозасын 21 мыңнан астам адам алған.

Бұл – халықтың бар-жоғы 4 пайызы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика