spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.9 C
Kokshetau

Биыл Қазақстанда 20 мыңға жуық түлек «Алтын белгіге» үміткер

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл 19 822 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл облыстық білім басқармаларының ақпараты бойынша 19 822 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Өздеріңізге белгілі, ереже бойынша «Алтын белгі» үміткерлерінің барлық жазбаша тапсырмасын облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған тиісті комиссия қайта зерделеп, талдайтын болады. Біріншіден, барша материалды мектептің ішіндегі комиссия тексеріп, тиісті балды қойғаннан кейін, барлық жұмыс білім басқармаларына жеткізіледі. Білім басқармаларының тексеруінен өткеннен кейін, «Алтын белгілер» тиісті бұйрыққа енгізіліп, құқықтары дәлелденетін болады», – деді Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізілетін болады. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауын а қатысты түсінік берді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img