spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.2 C
Kokshetau

Ақмолалық палуан халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлемнің жеті мемлекетінен үш жүзге тарта адам қатысқан турнирде ақмолалық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол бес кездесу өткізіп, қола жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Грек-Рим күресінен жастар арасында Елордада өткен халықаралық турнир қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналды.

Үздікті анықтауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия және Украинаның 280 балуандары бақтарын сынасқан.

Ел намысын қорғаған ақмолалық спортшы Азиз Касымов бес кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіс тұғырынан көрінді. 1/16 және 1/8 ширек финалдарында қырғызстандық қарсыластарын тізе бүктірсе, ¼ финалда отандасынан басым түсті. Алайда ½ финалда Күржі елінен келген өкіліне есе жіберді. Осыдан кейін қола үшін болған тартысты кездесуде отандасынан айласын асырды. Сөйтіп, үшінші орынды еншіледі», – дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика