spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
9.2 C
Kokshetau

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық қорық құрмақшы

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау бағытындағы шаралар туралы ақпар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау қауымдастығы Михаэль Зукков қорымен бірлесіп Орталық Азияның қоңыржай шөлдерін сақтауға бағытталған CADI жобасын іске асыруда», – деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында. Аталған ұйымдар Батыс Қазақстанда құрылған табиғи резерват пен Ресейдің Волгоград облысындағы «Эльтон көлі» биосфералық қорығының аумағын бірге қамтитын трансшекаралық биосфералық қорық құру жоспарын қолдауға дайын отыр.

«Табиғи резерват құрылғаннан кейін Ресей Федерациясымен трансшекаралық қазақ-ресей биосфералық қорығын құру бойынша келіссөздер басталады», – деп жазады Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында Бөкейорда табиғи резерватын құру жобасы аяқсыз қалмайтынын мәлім еткен болатын.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика