spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Сандықтауда соғыс ардагерлерінің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жеңіс күніне орай Сандықтау ауданында соғыс ардагерлерін еске алуға арналған мемориалды қабырға тақтасының ашылу салтанаты болды,- деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы

Соғысқа қатысқандардың аты-жөні жазылған мемориалдық тақта аудан орталығы Балкашин ауылында орнатылды.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, соғыс ардагері Николай Сахновтың қызы Татьяна Егорова, Сандықтау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және құрметті азаматы Бақытжамал Сейітжанова, әскери қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысты.

«Жеңіс күні – бүкіл ел үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі. Бұл сол қатыгез соғыста қаза тапқандардың бәрін еске алу. Біздің ауданнан майданға 10 мыңнан астам адам шақырылды, 4155 адам майдан даласында қаза тапты, 5935 адам үйіне оралды. Өкінішке қарай, ауданымыздағы соғыс ардагерлері қазір арамызда жоқ, олар біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп атап өтті құттықтау сөзінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Шараға қатысушылар монументке гүл шоғын қойып, соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Айта кетейік, соғыс жылдары Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам шақырылып, соғыстан 37 мыңнан астам адам ғана оралды.

Бүгінде өңірде 20 соғыс ардагері мен 3000-нан астам тыл еңбеккері тұрады.

Оның ішінде Сандықтау ауданының сегіз тұрғынына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бұл – Василий Бенберин, Василий Бовт, Андрей Бусалов, Иван Воронин, Николай Колбасов, Иван Терехин, Сергей Юдин және Алексей Чернов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img