spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Елордалық бүлдіршіндер Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай елордалық бүлдіршіндер «Отан-Ана» монументіне барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Зерлі кесені ұстап, мейірімді жүзімен соғыстан аман оралған сарбаздарды күтіп тұрған ақ кимешекті ана бейнесіндегі монумент бүлдіршіндерге ой салады.

Қоладан құйылған монументте байтақ даланы жаудан қорғаған батырлар мен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ сарбаздарының бейнесі бейнеленген. Үлкендер балаларға ерлік дастанын айтып, соғыстың тарихын қысқаша баяндады және ардагерлерге құрметтің ерекше болуы керегін түсіндірді.

Бейбіт аспан астындағы тату-тәтті өмірді бізге сыйлағаны үшін соғыс ардагерлеріне алғысын айтты.

Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай астанада 4 мыңнан астам адам төлем алды.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы» Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр күніне (Жеңіс күні) 4061 адам біржолғы ақшалай төлемдерін алды. Нақтырақ айтқанда:

  • ҰОС ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);
  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (410 адам);
  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауған соғысының ардагерлерін қоспағанда) – 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (705 адам);
  • еңбек ардагерлері (тыл еңбеккерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар) және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңымен (No 322-VІ ЗРК) қолданылатын басқа адамдар, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2921 адам) төлем алды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img