spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы: ҰОС ардагерлері 1 млн тенге көлемінде төлем алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«1941-1945 жылдардағы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр күніне (Жеңіс күні) 4061 адам біржолғы ақшалай төлемдерін алды. Нақтырақ айтқанда:

  • – ҰОС ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);
  • – жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (410 адам);
  • – басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауған соғысының ардагерлерін қоспағанда) – 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (705 адам);
  • – еңбек ардагерлері (тыл еңбеккерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар) және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңымен (No 322-VІ ЗРК) қолданылатын басқа адамдар, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2921 адам).

Сонымен қатар, мамандандырылған ауруханада білікті медициналық көмек, шипажайлық-курорттық емдеу, коммуналдық төлемдер үшін ақшалай өтемақы, мерзімді басылымдарға жазылуға әлеуметтік көмек, қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу қызметтерді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Өз кезегінде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері елорда басшылығына аға ұрпаққа деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика