spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
12.9 C
Kokshetau

Көкшетауда 16 саяжай үйлері өртеніп кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда саяжай маңын тазартпақ болғандардың үйлері өртке оранды. Құрғақ шөптен тұтанған өрт «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтеріндегі саяжай учаскелерін өртке ораған.

Алапат өрттен жалпы аумағы 5 гектардан астам саяжай учаскелерін өрт шарпыған.

Өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін күндізгі 12.44-те «101» пультіне түскен.

         «Саяжай учаскелеріндегі ірі өртті сөндіруге 8 техника бірлігі, 73 жеке құрам сарбаздары, сонымен қатар Көкшетау техникалық институтының 25 курсанты мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды. Өкінішке орай өрттен «Авиатор» саяжайының 10 және «Целинник» саяжайларының алтауы жалпы 16 саяжай үйлерінің күлі көкке ұшты. Зардап шеккендер болған жоқ », – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себептері бірқатар сараптама өткізу барысында анықталмақ. Алдын ала болжам бойынша өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде шыққан.

         «Көкшетау қаласының тұрғындарына әсіресе саяжай иелеріне құрғақ шөптер мен қоқысты жақпауға шақырамын. Салдарынан өрт шығуы әбден мүмкін. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін өрт сөндіру-техникалық зерттеу жұмыстары тағайындалды», – дейді Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаметі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

         «Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне телефон шалу қажет», – дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика