Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«1941-1945 жылдардағы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр күніне (Жеңіс күні) 4061 адам біржолғы ақшалай төлемдерін алды. Нақтырақ айтқанда:
- – ҰОС ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);
- – жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (410 адам);
- – басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауған соғысының ардагерлерін қоспағанда) – 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (705 адам);
- – еңбек ардагерлері (тыл еңбеккерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар) және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңымен (No 322-VІ ЗРК) қолданылатын басқа адамдар, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2921 адам).
Сонымен қатар, мамандандырылған ауруханада білікті медициналық көмек, шипажайлық-курорттық емдеу, коммуналдық төлемдер үшін ақшалай өтемақы, мерзімді басылымдарға жазылуға әлеуметтік көмек, қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу қызметтерді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Өз кезегінде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері елорда басшылығына аға ұрпаққа деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.