spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
3.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі Жеңіс күніне орай әскери қызметші әйелдерді құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

9-мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында  «Достар» мәдениет үйінде облыс әкімі аймақтағы әскери қызметші және құқық қорғау органдарында қызмет атқарып жүрген әйелдермен кездесті. Өзінің құттықтау сөзінде Ермек Маржықпаев әскери тәртіптің ыстық суығына төзіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүрген нәзік жандыларға алғыс айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

«Тәуелсіздіктің отыз жылында Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау жүйесін дамыту саласында үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі заманғы әскери және құқық қорғау салаларын әйелдің қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінде әйелдер қауымы тек кадрлық жұмыста, кеңсе жұмысында ғана емес, сонымен қатар тергеу, анықтау, криминалистика және жедел жұмыста да қызмет етуде. Күрделі мамандықты таңдай отырып, сіздер туған өлкеге деген шынайы сүйіспеншілікті және патриотизмнің нағыз үлгісін қалыптастырып келесіздер, – деді облыс әкімі жиында.

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы, әділет майоры Әсел Елубаева «Ермек Маржықпаев – дәстүрлі түрде ерлер мерекесінде құқық қорғау органдарының әйел өкілдерін жинап, құттықтаған алғашқы әкім»деп атап өтті.

Әсел Елубаева құқық қорғау жүйесінде 12 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Тәуелсіздіктің құрдасы.

Әйелдерді құттықтағаннан кейін аймақ басшысы ҚР Қорғаныс министрлігінің ведомстволық наградаларымен және облыстың әлеуетті ведомстволарының қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапаттады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика