spot_img
Сенбі, Қыркүйек 28, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолалық он бала «Жас ұлан» қатарына қабылданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы Ақмола облыстық өлкетану мұражайында ерекше көзге түскен оқушыларды «Жас ұлан» қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ерекше нышан-көгілдір галстуктерді байлап, балаларды құттықтады,- деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Биыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысына 10 жыл толды.

«Жас ұлан» өз қызметін жалпы білім беретін мектептер базасында жүзеге асырады. Бұл – өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, толеранттылық, демократизм және өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

«Жас ұланда» мүшеліктің екі деңгейлі жүйесі жұмыс істейді. «Жас ұлан» – аға буын мүшелері 5-10 сынып оқушылары, «Жас қыран» – кіші буын мүшелері.

Оның қатарына өз еркімен ниет білдірген, «Жас ұланның» дамуына өз үлесін қосқысы келетін 1-4 сынып оқушылары қабылданады.

Өңірдегі үздік балалар, өз мектебінің, қаласының және облысының намысын бірнеше рет қорғаған белсенділер аталған бірлестіктің қатарына енді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 10 оқушыға галстук байлады.

«Жас Ұлан» балалар ұйымы өздерінің көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген 500 мыңнан астам ақмолалық балаларды тәрбиеледі. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Балалар ұйымында өтетін жылдарыңыз қызықты әрі танымды болсын. Сіздер Тұңғыш Президентіміздің еліміздің лайықты азаматтары болсын деген үмітін ақтайтын боласыздар деп сенемін!» – деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетсек, көптеген балалар, бұрынғы жасұландықтар кәсіби мансапта жоғары биіктерге қол жеткізді және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмады.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы облыстық мектеп-интернатының түлегі Мағжан Бексұлтан қазіргі таңда Қазақстанның ең ірі компанияларының бірі «Bi Group» компаниясында еңбек етеді.

Садық Медет Зеренді ауданының Абай мектебінің түлегі, қазіргі уақытта Тараз қаласының 5513 әскери бөлімінде взводты басқарады, ал облыстық «Дарын» мектеп-интернатының түлегі Мәнсия Есекеева қазіргі уақытта облыстық жастар ресурстық орталығының директоры қызметінде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Студенттерге ашық есік күні өтті

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледж...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img