spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Ақмола дарыны»: 14 оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола дарыны» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді,-деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

Қазақстандық білім берудің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға аймақ оқушылары белсене атсалысты.
Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша  өткізілетін жыл сайынғы байқауға 9-11 сынып оқушылары 4 кезеңде бақтарын сынайды.

Биылғы жылы бұл байқаудың мектеп кезеңіне барлығы 16672 бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 4931 оқушы өтсе, облыстық кезеңге 422 оқушы қатысты.

Коронавирус пандемиясына байланысты қорытынды кезең «Ustudy» компьютерлік тестілеу орталығының базасында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Көкшетау қаласында ұйымдастырылды.
Олимпиада «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді.

Республикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан 1500-ден астам оқушы қатысты.
Ақмола облысынан Республикалық олимпиадада 73 оқушы бақтарын сынады. Олар облыстық кезеңнің жеңімпаздары Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, «Білім-инновация» лицейінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №3, №4 мектеп-интернаттарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан.
Олимпиаданың жабылу салтанаты сәуірдің 30-ы онлайн режимде өтті,-дейді баспасөз қызметі.

Байқаудың қорытындысына сәйкес, Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы Алдияр Мыңбаев ағылшын тілі пәнінен І дәрежелі диплом иегері атанды.
«Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ибодуллаев Руслан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


Келесі оқушылар ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Даминов Арслан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен;
2. Алпысбай Әділхан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен;
3. Болатқан Лұқман – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, физика пәнінен;
4. Шарипов Амирлан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, информатика пәнінен;
5. Какенов Санжар – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, биология пәнінен;
6. Ситнер Екатерина – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен;
7. Касаткин Владимир – Щучинск қаласы, №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен;
8. Ирмашев Назар – Бурабай ауданы, Баянбай орта мектебінің 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен;
9. Ахметжанова Айзада – Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллина атындағы №3 көптілді оқыту бейіндік мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен.
10. Сыздықова Мейірім – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен;
11. Кравинкина Анастасия – Аршалы ауданы, Сарыоба орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен;
12. Ильина Анастасия – Атбасар қаласы, №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен жүлделі болды.

Барлық жүлдегерлерді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Осы жетістіктің энергиясы сіздерді позитивпен қуаттандырсын және әрі қарай жетістіктерге жаңа серпін берсін!-делінген баспасөз хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img