Қазақстанның бас санитары шығарған қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын (екі компонентін) алған азаматтар үшін бірқатар шектеу алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Мәселен, ҚР азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты барлар әуе қатынасы арқылы Қазақстан аумағына ПТР-тестсіз кіре алады, медициналық-әлеуметтік нысандарға бара алады, облыстық командаларды дайындау үшін оқыту-жаттықтыру жұмыстарын жаңғырта алады.
Сондай-ақ вакцинаның толық курсын алғандардан біраз жерде ПТР-тест талап етілмейді: вахтаға келген қызметкерлерден, медициналық-әлеуметтік мекемеде рәсімдеу және емделуге жатқызу кезінде науқастардан, мерзімді әскери қызметке шақырылғандардан және мерзімді әскери қызметтен кейін демобилизацияланғандардан, ҚАЖ мекемелеріне түскендерден (тергеудегілер, айыпталушылар, сотталғандар), топтасқан ұжымдарға баратын адамдардан, ауыруына байланысты жұмыс орнында болмаған немесе демалыс, іссапардан келген медицина қызметкерлерінен, тәжірибе алдында медициналық ЖОО мен медицина колледжі студенттерінен