Синоптиктер дүйсенбі, яғни 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарамасында.
Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с деін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/м, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, түнде кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 5 градус дейін үсік жүреді.