Қазақстан халқы бірлігі күні және Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Атбасар ауданының Шуйский ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News» аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Тһтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бекеті 1775 тұрғыны бар Макеевка, Шуйский және Новосельский ауылдары аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Бекетті ашу үшін өрт сөндіру машинасын өрт-техникалық жабдықтауға және ерікті өрт сөндірушілерге арналған жабдықтарға облыстық бюджеттен 450 мың теңге бөлінді. Өрт сөндіру бекеті Атбасар ауданы әкімдігі және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалы арасында жасалған келісімшарт бойынша қызмет көрсетеді. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт сөндіру бекеті үшін АС-40 (130) автокөлігі берілді», – деді ведомстводан.
Өрт сөндіру постының ашылуына Атбасар облысы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.К.Шапағатов қатысты.
«Өрт сөндіру бекеті жылытылған гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. «Шуйское-21» серіктестігінің аумағында орналасқан өрт сөндіру бекетінде төрт адам еңбек етеді. Олардың барлығы Атбасар қаласындағы Өрт сөндіру қызметі-4 базасында оқытылды», – деп толықтырды ведомстводан.