1986 жылдың 26 сәуірінде Украинаның Чернобыль қаласында атом-электр станциясының төртінші блогы жарылып, алапат апат бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы апаттың зардабын жоюға әр мемлекеттен әскери борышын өтеуге аттанған сарбаздар тартылғаны белгілі. Сол жылдары ақмолалық Марат Жетеров те Чернобыльдің аса...
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның...
26 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстан аумағының батыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай...
Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар үйден құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды, деп хабарлайды "Aqmola News".
Өрт Осипенко көшесі 3/1 үйдің 7 қабатындағы №97 пәтердің балконынан шыққан. Балконда тұрған заттар тұтанып, шамамен төрт шаршы метр жерді өрт шалған.
«Төтенше жағдайлар...
Ақмола облысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған акция өтіп жатыр, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бүгінгі сенбіде өткен аптада басталған республикалық эстафетаға өңірдің 25 мыңнан астам тұрғыны қатысқан. Жалпыұлттық қозғалысқа түрлі қоғамдық ұйымдар, қоғам белсенділері, шағын...
26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайды. Бұл туралы Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдаған кезде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халыққа екпе егуге қатысты қабылданып...
Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.
Басқармадағылардың айтуынша, КВИ пневмониясына шалдыққан мәслихат депутаты соңғы 4 күн бойы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан және 23 сәуірге қараған түні...
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан – Көкшетау автожолында орналасқан заңсыз жұмыс істеп тұрған казиноны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында казинодан 1 миллион теңгеден астам және 900 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, «покер» ойынына...
Отандық «QazVac» вакцинасы «Спутник V» секілді ең алдымен тәуекел топтарында жұмыс істеп жүрген азаматтарға салынады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағүл ОКҚ-да өткен брифингте...
Үндістанның Махараштра штатындағы ауруханада шыққан өрттен жансақтау бөліміндегі 13 пациент көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар ем қабылдаған ауруханада болған.
Қалған науқастар жақын маңдағы медициналық мекемелеріне ауыстырылды. Өрт сөндірушілер екі сағат ішінде жалынды ауыздықтады. Оқиғаның...