spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Үйсіз жануарларды қолдауға шағын гранттар беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Аyala» жобасы аясында волонтерлер үшін шағын гранттар байқауы ашылды.

Конкурстың мақсаты – волонтерлік бастамаларды және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жобаларды дамытуға, волонтерлердің жеке бастамаларын қолдауға бағытталған конкурсты ұйымдастыру және 5 шағын грант (әрбір жобаға 500 мың теңге) бөлу.

Шағын гранттар конкурсына қатысуға Қазақстан Республикасының бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Оған еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылады. Байқау ережесін @league_volunteers және @birgemiz Instagram профильдерінің сипаттамасынан табуға болады.

Шағын гранттар беруге арналған Конкурс келесі 5 тақырып бойынша жарияланады:

  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша акциялар
  2. Жануарларға қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған Флешмоб
  3. Қоғамдық назар аудару бойынша жануарлардың фотокөрмесі
  4. Тегін ветеринариялық қызмет көрсету
  5. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер.

Конкурс 2021 жылдың 29 сәуір және 25 мамыр аралығында өткізіледі. Бір тақырып бойынша бір өтінім берушіден 1 (бірден) артық өтінім беруге жол берілмейді.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.

 Барлық қызығушылық танытқандар үшін мына нөмірге хабарласуға болады:

+7 707 597 3421 немесе электрондық поштаға birgemiz.ayala@gmail.com

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img