spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Сайғақ» табиғатты қорғау акциясы: Заңсыз аң атып балық аулағандар жазаланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 105 аңшы мен балықшы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық ПД.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы сәуірдің 15-нен бастап өңірде жалпы республикалық «Сайғақ» табиғатты қорғау акциясы өтуде. Шараның мақсаты – төлдеу және сүттену кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ, облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Акция кезінде полиция қызметкерлері «Охотзоопром» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, ақбөкендердің мүйізінің заңсыз айналымына, оларды облыстан тыс жерлерге әкетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту бойынша арнайы мобильдік топтар құрып рейдтер жүргізуде.

«Акция басталғаннан бері жедел-іздестіру топтары өңірде бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді, соның нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдаланудың 105 оқиғасы анықталды», – дейді ведомстводан.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Әкімшілік кодекстің 484-бабы (қаруды беру, есепке алу, сақтау тәртібін бұзу) бойынша 30 әкімшілік хаттама толтырылды, содай-ақ, Әкімшілік кодекстің 382-бабы бойынша аң аулау ережелерін бұзған 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img