spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық түрлі этностардың жастарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында  «Қоғамдық келісім» сарайында облыс әкімі Ермек Маржықпаев аймақта тұрып жатқан түрлі этностардың жастарымен және Ақмола облысы Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдерімен кездесті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, фото Жаһангер МУКАМБЕТОВ

 Дөңгелек үстел айналасында Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан жетістіктеріне үлес қосқан жастармен  аймақты одан әрі дамыту туралы еркін әңгіме болды.

Кездесуде жастар аймақ басшысына  қоғамдық қызметтері туралы айтып берді. Олардың көпшілігі мемлекеттік тілді жетік меңгерген, этномәдени бірлестіктердің жастар ұйымдарының белсенділері болғандықтан, спортпен, көркем өнермен айналысады.

Іс-шараға қатысқан жастар Елбасына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі қоғамдық институт ретінде Ассамблея құрғаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар жиналғандар аймақ басшысына қаладағы «Болашақ сарайы» үшін және өңірде білімді жастарға барлық жағдай жасалып жатқаны үшін өз ризашылықтарын жеткізді.

        Біз арқашан талантты жастарға қолдау білдіреміз. Оларға рухани, мәдени білім беруге үнемі атсалысамыз. Олардың сүйікті кәсібімен шұғылданып, дене бітімінің толыққанды дамуы үшін бар жағдайды жасайтын боламыз. Жастар –біздің болашағымыз!-деді облыс әкімі жиында.

Бұдан соң облыс әкімі «Достық» үйінің алаңында ашылған сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.

Көрмеге Қазақстан Халықтар Ассамблеясың  жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері дайындаған Қазақстан картасының тұсаукесері өткізіліп, таныстырлды.

Бұл картаның ерекшелігі – мұнда сәндік қолданбалы өнердің түрлі бағытттары кесте тігу, илеу, тоқу, биссермен көркемдеу сияқты жұмыстар қолданылған.

Ақмолалық шеберлердің қолынан шыққан макетте дала мен таулар және өзендер мен көлдер, шөлдер, ормандар бейнеленген.

Одақ шеберлері облыстардың ерекшеліктерін барынша айқындауға тырысты. Әр аймақ белгілі бір материалдан жасалған және өзінің эмблемасы бар. Картаның жиектелуі ұлттық нақыштағы ою-өрнекті фетрден жасалған.

Айта кету керек, Достық үйі аллеясында ашылған «Ұлы дала өрнектері» Арбаты осы жылдың қазан айына дейін жұмыс істейді.  Алдағы уақытта бұл жерден қала тұрғындары мен қонақтары өңірдің қолөнер шеберлері мен суретшілерінің жұмыстарын тамашалап, сатып алуына болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img