spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Петропавлдағы мектепте ұйымдастырылған флешмобтан кейін 11 оқушы ауырып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Петропавлдағы № 25 мектепте флешмоб ұйымдастырылғаннан кейін 11 оқушы ауырып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Оқиға кеше, 28 сәуірде № 25 қазақ орта мектебінде болған. Бұл Береке шағын ауданындағы жаңа оқу орны. Ата-аналардың айтуынша, балалар педагогтардың жетекшілігімен Қазақстан халқының бірлігі күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған флешмоб дайындапты.  Бейнеролик жазу үшін екі сағат бойы ондаған оқушыны жеңіл жейде, көйлекпен далада тұрғызып қойған. Осыдан кейін бір сыныптың 11 баласы ауырып қалды.

«Түсірілім 15:00-де басталып, 17:00 – де аяқталды, осы уақыт ішінде барлық балалар жұқа жейдемен далада тұрды», – дейді ата-аналар.

Бүгін сабаққа 4 «А» сыныбының тек 9 оқушысы ғана келген. Қалғандары дене қызуы көтереліп, үйлерінде қалыпты.

«Бұған кінәлі кім? Әрине, біздің бұл сұрақтарымызға жауап ретінде кешірім сұрайтын және бұл «патриотизм» деп айтатын басшылардың кемшіліктері», – дейді ата-аналар.

Оқушылардың ата-аналары жіберген суреттерде мұғалімдер сыртқы киімде, ал балалар жұқа көйлек, жейдемен тұрғанын көруге болады.Бірақ бұл ешкімді алаңдатпаған секілді. Мұндай флешмобты ұйымдастыруға кім мұрындық болғанын білу үшін мектеп директорынан сұрадық.

«Кеше біз далада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған үш минуттық бейнеролик түсіргіміз келді. Біз бұл іс-шараны жұмыс жоспарына енгізгендіктен, біреу бастамашы болды деп айта алмаймыз. Барлық балаларға алдын ала ескертілді. Олар пальто, бас киім, етік киіп тұрды. Тек роликті камераға түсірген кезде, сырт киімдерін үш минутқа ғана шешті. Ал дайындық кезінде киініп тұрды», – деді мектеп директоры Сәуле Тұрсынова.

Мектеп басшылығы ата-аналарға «Біз Тәуелсіздіктің мұрагерлеріміз» атты есеп беру-тақырыптық іс-шарасын дайындағысы келгенін мәлімдеді. Биыл еліміз Тәуелсіздік мерейтойын атап өтеді. Пандемияға байланысты ҚР-дағы барлық мерекелер онлайн түрде атап өтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img