spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушы ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыста жүлделі орын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушы Бектұрған Бақмұхаммед Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыстың жүлдегері атанды,-деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 18-25 сәуір аралығында мектеп оқушыларына арналған Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыс өткізілді.
Ғылыми жарыстың негізгі мақсаты: жаратылыстану білімдерін насихаттау, астрономия және онымен байланысты ғылымдарға ғылыми жол табу.

«Облысымыздан аталған жарысқа экология және космонавтика секциясы бойынша қатыстым. Жобаның тақырыбы: «Зымыран – тасығыштарды қоршаған ортаға зиянсыз ғарыш кеңістігіне шығару әдістерін зерттеу» – деп бөлісті Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Бектұрған Бақмұхаммед.

Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми Жарыстың қорытындысы бойынша Бектұрған Бақмұхаммед жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика