spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Кәсіпкерлерді «ASHYQ» жобасына белсенді қатысуға шақырамын – Жаслан Әбдірахманов

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында кәсіпкерлер палатасы және аудан әкімдіктері «ASHYQ» жобасына қатысуға мүдделі нысандар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде мұндай нысандар саны 50-ге жуық. Осы ретте, ведомство санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен келісу және облыс аудандарының жобаға қосылу жұмыстарын жеделдетуді сұрайды.

«Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлерін жобаға белсенді қатысуға шақырамын. Біздің облысымыз, бүкіл республика сияқты, ұзақ уақыт бойы «қызыл аймақта» тұрғанын көріп отырсыздар. Жұмыс режиміне қойылатын талаптар және басқа шектеулер өте қатал. Алайда, біздің көптеген әріптестеріміз мұны түсініп, дұрыс шешім қабылдады және қосымшамен жұмыс істейді, осылайша өздерін, қызметкерлері мен келушілерін қорғап қана қоймай, жұмыс жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Естеріңізге сала кетейін, жобаға қатысушыларға ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген нысандардың жұмысын шектеу критерийлері басқа нысандарға қарағанда төмен деңгейде қолданылады», – деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі өткен брифингте Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Әбдірахманов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика