spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бұландыда тәулігіне 600 тонна сұйық май өндіретін зауыт құрылысы жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында қазіргі заманғы озық технология бойынша салынып жатқан тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін жаңа зауытты биыл күзде іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Бұланды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Зауыт құрылтайшысы «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Василий Боревичтің айтуынша, жобаның құны 4,2 миллиард теңге. Кәсіпорын ашылса, жергілікті 80 адамды жұмыспен қамтылады. Еліміз бойынша осы тектес зауыт Алматы қаласында ғана бар. Мұндай өндіріс орындарын салу – тереңдетіле өңделген, құны жоғары өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

«Зауыт құрылысын «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Қазіргі кезде ғимараттың қабырғасы тұрғызылып, қойманың құрылыс-монтаж жұмысы, теміржол құрылысы аяқталуға жақын. Осы заманғы қондырғылармен жабдықталған зауытта майлы дақылдарды өңдеп, таяу шетел нарығына экспорттау жоспарланған. зауыт-бұл қалдықсыз өндіріс. Қалған қалдықтар жемге сатылады», – дейді Василий Боревич.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img