spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Әскерге сарбаздарды шақыру талаптарындағы өзгерістер аталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Ұлттық ұлан сарбаздарына қандай талапар қойылатыны туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шақыру және жасақтау бөлімінің бастығы Фархат Айдарбаев баяндады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«ҚР азаматтары 18-27 жас аралығында жылына екі рет көктемде және күзде әскерге шақырылады. Қазіргі кезде шекара қызметі мен қорғаныс министрлігіне әскерге шақыру жүріп жатыр. Әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу үшін ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдері тартылады. Жасақтау үшін іріктеу негізі орта білімнен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушылардың қатарынан жүзеге асырылады. Бұл ретте заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе ҚР қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының тармақтарына сәйкес жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ, әскерге шақырылушылардың әскерге шақыру сәтіне белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жақын туыстары бар адамдар әскерге шақырылмайды», – деді Фархат Айдарбаев.

Бұл ретте Ұлттық ұлан қатарына қосылуға ниет білдіргендер жергілікті әскери атқару органдарындағы өкілдерге жүгінуі тиіс. 17 қалада мерзімді әскери қызмет атқаруға болады. Бөлім бастығының айтуынша, басқа құрылымдарға қарағанда Ұлттық ұлан әскелері қала орталықтарында орналасқан және жаңа техникалармен жабдықталған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img