spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
20.2 C
Kokshetau

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА-ның Құрметті Төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болу туралы ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды өтінеміз. Бұл мәртебе шын мәнінде халықтың және мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізге байланысты Сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайды деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі міндет екендігін баса айтты.

«Баршамызға ортақ жұмыстың басты бағдары дәл осындай болуға тиіс. Біз бәріміз бірлік пен ынтымақтың арқасында жасампаз ұлт болып алдымызда тұрған тарихи мақсаттарға қол жеткіземіз», – деді Президент.

Осы ретте Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеямен тығыз жұмыс істей беретіндігін атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика