spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда үй иесі өз пәтерін өртеп жібермек болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ер адам өзінің пәтерін өзі өртеп жібермек болды. Күнде көршілерінің мазаларын алып, жанжал шығаратын ер адамның бұл әрекеті полиция қызметкерлерін шақырғанда анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ер адамның психиикалық ауытқушылығы бар екендігі анықталған. Көршілері телефон шалған соң дереу жеткен полиция қызметкерлері оның үйді өртеп жібермек болғанын түсінеді. Бірден оқиға орнына құтқарушылар шақыртылып, олар механикаландырылған құралдардың көмегімен пәтерін бұзып кірген.

                «Есікті ашқан кезде ер адам еденнің пәтердің ортасында еденнің үстінде от жағып жатқан жерінен ұсталды. Ол бірден жедел жәрдем және полиция қызметкерлеріне табыс етілді. Көршілердің дер уақытында полицияны шақыруы және құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің алдын алып, адам өліміне жол берілмеді», – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Жалпы өткен жылдың өзінде ғана Ақмола облысында тұрғын үй секторларын қасақана өртеу фактілері тіркелген. Құтқарушылар көп жағдайда адамдардың өз кінәсінен пәтерлер мен тұрғын үйлерде өрт шығатынын еске салып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

                «Тұтанған тілсіз жау бәрін жолындағысын түгел шарпып жылдар бойы жинаған мүліктер мен үйлерді ойран етеді. Өкінішке орай көп жағдайда өрт шыққан үйдің адамдары мен сол үйдің көршілері де өрт құрбаны болып жатыр. Сондықтан қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап, алдын алу қажеттігін естен шығармаған жөн», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img