spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
11.2 C
Kokshetau

«Чернобыль апатына – 35 жыл!»: Апат зардаптарын жоюға ақмолалық 427 сарбаз қатысқан

Сондай-ақ...оқыңыз

1986 жылдың 26 сәуірінде Украинаның Чернобыль қаласында атом-электр станциясының төртінші блогы жарылып, алапат апат бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы апаттың зардабын жоюға әр мемлекеттен әскери борышын өтеуге аттанған сарбаздар тартылғаны белгілі. Сол жылдары ақмолалық Марат Жетеров те Чернобыльдің аса қауіпті аймақтарында болып, әскери борышын өтеді. Жауынгер «Aqmola News» тілшісіне апат пен одан туындаған зардаптар жөнінде айтып берді. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Чернобыль апатының салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағына радиоактивтік ластану кеңірек жайылып, халық өміріне зор қауіп төнді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Алайда, әлі күнге дейін жарылған атом электр станциясының зиянды қалдықтарының кесірінен құрбан болғандар аз емес.

Жұмыстар апат ошағынан 80 шақырым жерде жүргізілді

Чернобыль апатының қалдықтарын тазарту ісіне атсалысқан Марат Жетеров әскер қатарына шақыртылған кезде небәрі 18 жаста болғанын айтады.

Алайда, кейбір деректерде КСРО Қорғаныс министрі Д.Язов қол қойған №045 құпия бұйрықта «…залалсыздандыру жұмыстарына жасы 30-ға жеткен, әрі үйленген, екі немесе одан да көп баласы бар азаматтар ғана тартылсын. Бұл жұмысқа тартылу мерзімі үш айдан аспасын» деп жазылған.

Солай бола тұра, апатты залалсыздандыруға жастары жиырмаға толмаған әскерге шақырылғандар да тартылған. Тіптен, екі жыл қатарынан сонда әскери қызметін өтегендер де болыпты.

Мысалға алғанда Марат Жетеровтың жасы бұл бұйрыққа сәйкес келмеген. Ол әскери борышын дәл сол жылы Украинаның Харьков қаласында, 57360 әскери бөлімінде теміржол әскерлерінің құрамында өтеген.

Мен әскерде барған алғашқы мерзімде электровоз машинисінің көмекшісін даярлау курсынан өттім. Содан соң қазан айында Янов станциясын қайта құру және Славутич қаласының кіреберіс жолдарының құрылысын қалпына келтіру үшін Неданчичи станциясына жіберілдім. Жұмыстар Чернобыль апаты болған жерден 80 шақырымдық жерде жүргізілді. Соның өзінде апаттан келетін қауіп сезіліп тұрды. Ауа арқылы да оның зияны таралып жатты,-дейді  «Чернобыльдің аса қауіпті аймақтарында
болған мүгедектер мен ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Жетеров.

Биыл Чернобыль апатына – 35 жыл!

Қазіргі таңда Ақмола облысында Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан 427 ардагер бар болса, олардың 124-і Көкшетау қаласында тұрады.

Қарусыз майданға қатысып, радиациялық доза алғандардың барлығы денсаулықтарынан айырылған, көбі әртүрлі дәрежедегі мүгедектер.

Өкініштісі Отан алдындағы борышын өтеуге кетіп, зұлмат апаттың зиянымен күресуге тап болған бұл сарбаздар бар-жоғы жасы жиырмаға толмаған өрімдей жастар еді…

Өңірде зардапты жоюға қатысқан отандастарымыздың ерлігін жас ұрпаққа насихаттап, ардагерлерге құрмет көрсету сияқты ізгі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Осы орайда, бізді қолдаудан кенде қалдырмайтын облыс басшысына ризашылығымыз шексіз. Әр бастамамызды қуаттап, қамқорлық көрсетіп отырады. Апаттың 35 жылдығына орай, жанымызда жүрген чернобыльдік ардагерлерге арнайы белгі жасатып, табыс етудеміз. Сонымен қатар, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға 20 АЕК теңгеден сыйақы берілді. Жыл сайын еліміздің кез-келген сауықтыру орталығына тегін жолдама беріледі,-дейді Марат Жетеров әңгіме барысында.

Дәрі-дәрмектің уақытылы берілуі қадағаланса деген өтінішіміз бар…

Адамзат баласына төнген қауіптің зардабын болдырмауға үлес қосқан ардагерлердің өз өтініштері де жоқ емес.

Қажетті дәрі-дәрмектің уақытылы беріле қоймайтыны ғана көңілге кірбің ұялататыны жасырын емес. Бұл мәселе де бір шешімін табар деген үміттеміз,-дейді ардагер сөз соңында.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img