spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

26 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жел тұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

26 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстан аумағының батыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік-батыста қатты дауыл соғады. Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Алматы облысының Алакөл аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Кұндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img