spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
1.6 C
Kokshetau

Шортандыда ұрылар мешіттегі жиналған пітір садақаны ұрламақ болды

Сондай-ақ...оқыңыз
Мұсылман қауымының Рамазан айында берген қайырымдылығын белгісіз біреу жәшігімен қосып ұрлап кетпек болған, – деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Оқиға 25 сәуір күні Ақмола облысының Шортанды ауданында болған. Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне телефон шалған жергілікті тұрғын мешіт ғимаратында пітір садақасына арнап қойылған жәшікке ұрлық жасамақ болғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері белгісіз біреудің мешіттің терезесін сындырып кіріп, жәшікті ұрлап кетпек болғанын анықтады.

«Мешітте және Шортанды кентінде орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттей келе полицейлердің жедел-іздестіру тобы шұғыл әрекет жасап, күдікті азаматтың кім екенін анықтады. Ол Шортанды кентінің 44 жастағы тұрғыны болып шықты», – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Анықталғандай, мешіт терезесін бұзып кірген ер адам жәшіктің сыртына ілінген құлыпты аша алмаған соң мешіттен шығып кетіп қалған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағы және 24-бабы 3-тармағына сәйкес «Ұрлық жасауға ұмтылу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктіге қатысты «Келу туралы міндеттеме» мәжбүрлі процессуалды шара қабылданған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика