spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
11.2 C
Kokshetau

Самал Еслямова Ресейде үздік актриса атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ника» ресейлік кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы үздік әйел рөлі аталымын «Айка» фильмі үшін Самал Еслямова мен «Дылда» картинасы үшін Виктория Мирошниченко жеңіп алды. 2020 жылғы жүлдені Юлия Высоцкая («Дорогие товарищи!») мен Шолпан Хаматова («Доктор Лиза») алды.

Өткен жылы марапаттау салтанаты пандемияға байланысты өтпеген еді, сол себепті ұйымдастырушылар жексенбі күнгі салтанатты жағдайда жеңімпаздарды қатарынан марапаттады.

Еске салсақ, 2018 жылы Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Сондай-ақ, ол Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img