Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар үйден құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Өрт Осипенко көшесі 3/1 үйдің 7 қабатындағы №97 пәтердің балконынан шыққан. Балконда тұрған заттар тұтанып, шамамен төрт шаршы метр жерді өрт шалған.
«Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құрылымдарымен сатылы басқышты техникасының көмегімен 25 адам оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметінен.
Өрт кешкі 18:02-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 26 қызметкері мен 10 арнайы өрт сөндіру техникалары жұмылдырылған.