spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолалықтар «Бірге таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған акция өтіп жатыр, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінгі сенбіде өткен аптада басталған республикалық эстафетаға өңірдің 25 мыңнан астам тұрғыны қатысқан. Жалпыұлттық қозғалысқа түрлі қоғамдық ұйымдар, қоғам белсенділері, шағын және орта бизнес өкілдері, қала кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ жастар қатысты.

Экологиялық десант Бұқпа жотасына, трасса аумағы, қалалық парктер мен гүлзарлардың аумағына назар аударды. Сондай-ақ, қалалық қоқыс алаңдарының аумағы, көшелер, аудан орталықтары, Көкшетау және Степногорск қалалары, Сандықтау, Бурабай, Бұланды аудандарында орман алқаптарының маңы тазартылып, ағаштар мен жол бойындағы бордюрьлер әктелді.

Сонымен қатар абаттандыру және көгалдандыру айлығы шеңберінде облыс тұрғындары 3 мыңнан астам көшет отырғызған. Акцияға облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты.

Акцияға белсенді қатысқандардың бірі Көкшетау қаласындағы Центральный шағын ауданы 34 үйдің тұрғындары болды. Олардың айтуынша, бұл жас ұрпақты тәрбиелеудегі аса тиімді тәсілдің бірі болып табылады.

«Біздің балаларымыз бен немерелеріміз де сенбілікке белсене қатысты. Өз үйіміздің маңын өз көшемізді тазарта отырып, біз экологияның сақталуына өз үлесімізді қосамыз», – дейді Күлшат Дарбаева.

Акция қатысушылары санитарлық тазалықты сақтау және тәртіпке келтіруде үлкен үлестерін қосты.

Жалпы облыс бойынша 370 техника жұмылдырылып, 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img