spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада жасырын казино жұмыс істеген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан – Көкшетау автожолында орналасқан заңсыз жұмыс істеп тұрған казиноны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында казинодан 1 миллион теңгеден астам және 900 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, «покер» ойынына арналған фишкалар, ойын карталары табылып, тәркіленді.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тергеу басталды», – деді Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

Осы ретте, ведомство қызметкерлері қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарға тап болған немесе осындай жағдайды білетін ақмолалықтарға Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7162) 25-62-84 сенім телефоны арқылы хабарласуын сұрайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img