spot_img
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
2.8 C
Kokshetau

Белгілі ақын Жәркен Бөдеш қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

Шығармалары: «Көкше қүрақ» (өлеңдер мен поэмалар); «Қос қанат» (өлеңдер); «Зейін» (өлеңдер мен поэмалар); «Аспан даусы» (өлеңдер мен поэмалар); «Нұрлы бояулар» (өлеңдер мен поэма-портреттер); «Жұлдызға орнын ай бермес» (өлеңдер мен поэмалар); «Емендер түнде бүрлейді»; «Бәрінің асығы»; «Бұрылыс».

Ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.

Марапаттары: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.

Қызметі: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды Ақмола облысында бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика