spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Республикалық фестивальде ақмолалық оқушылар топ жарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Республикалық онлайн өнер фестивалінде ақмолалық жас музыканттар жүлдегер атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Іс-шара музыкалық бағытта білім беретін дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарын ынталандыруға бағытталған.

Фестивалге дербес оқушылар сарайларының оқушылары,  балалар музыка және өнер мектептерінің   үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбынан 600-ден астам білім алушылар қатысты.

Айкүміс Биғазы музыкаға бала кезінен қызығушылық танытқан еді. 5 жасында ол музыка мектебіне түсіп, әуезді және тыныштандыратын дыбысы үшін флейта аспабын таңдады. Қазір ару қызымыз флейта сыныбы бойынша музыка мектебінің 7-сыныбында оқиды және облыстық және республикалық байқаулардың ғана емес, халықаралық байқаулардың да жүлдегері. Осы байқауда ол 1 орынды жеңіп алды.

Байқауға барлығы Ақмола облысынан 18 солист және екі ұжым қатысты.

Солистер арасында Ішекті аспаптар бойынша Көкшетау қаласы Балалар музыка мектебінің оқушысы – Жорабек Ералы «Жарық жұлдыз» номинацисының иегері болды.
Осы мектептің скрипкашылары болса, «Ішекті аспаптардың үздік ансамблі» номинациясын жеңіп алды.
Үрмелі және соқпалы аспаптар бойынша мектеп оркестрі Бас жүлде жеңіп алды. Жүлде осы мектептің
оқушысы Анастасия Галимскаяға табысталды.

Дзауров Гилани «Дарынды даралығы үшін» номинациясының иегері болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img